Қазақстан батуттағы гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы батуттағы гимнастикадан Варнада (Болгария) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде жүлдегер атанды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Аралас синхронды секіруде қазақстандықтар жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Бұл сында Виктория Бутолина мен Ерлан Тасмағамбетов 49.680 ұпай жинап, жүлдеге ие болды.

Бірінші орынды жапониялық Юсей Мацумото мен Хикару Мори (50.330) иеленсе, ресейлік Данила Касимов пен Анжела Бладцева 50.290 ұпаймен екінші орынға табан тіреді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды