Қазақстан «Азия балалары» ойындарында 107 медаль алды

Яутск қаласындағы «Туймаада» стадионында VIII жазғы «Азия балалары» ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтті.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жүлде алған барлық спортшы көрермендер алдында шеруде сап түзеп, көпшілік ықыласына бөленді.

Кешті құрметті қонақтар қатарында осы ойындардың түлегі, VIII жазғы «Азия балалары» ойындарының бас төрешісі Мерей Ақшалов, сондай-ақ бірнеше мәрте аталған жарысқа еліміздің делегациясын бастап келген Мәлік Сапашев тамашалады.

Қазақстан құрамасы «Азия балалары» ойындарында 17 алтын, 31 күміс, 59 қола (барлығы 107) медальмен жалпыкомандалық есепте 7-орынға тұрақтады.

Қазір оқып жатыр

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды