Қазақстан әйелдер құрамасы теннистен Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне өтті

Қазақстан әйелдер құрамасы теннистен Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды.

ҚТФ

Алматы, NEGE. D тобындағы соңғы матчта Юрий Щукиннің шәкірттері Колумбия құрамасынан 2:0 есебімен басым түсті.

Алғашқы кездесуде Юлия Путинцева Валентина Ариасты 6:0, 6:1 есебімен ұтса, екінші ойында Елена Рыбакина Хулиана Лисаразоны 6:1, 6:2 есебімен жеңді.

Турнирдің финалдық кезеңі 16-21 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді.

Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты