Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында су добынан әйелдер арасында үшінші орын үшін матч өтті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Қола медаль үшін Қазақстан мен Таиланд құрамалары сынға түсті.

Негізгі уақыт 6:6 есебімен тең аяқталды. Пенальти сериясында қазақстандықтар мықтылық танытып, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Қорытынды есеп - 9:8.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, 11 қазанда ерлер құрамасы да қола медаль үшін бақ сынайды. Олардың қарсыластары Жапония құрамасы.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?