Қазақстан әйелдер құрамасы шорт-тректен World Tour рейтингінде үздік бестікке енді

Бейжіңде (Қытай) шорт-тректен World Tour сериясының кезеңі аяқталды. Қазақстанның әйелдер құрамасы жарыста үшінші орын алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. Ольга Тихонова, Яна Хан, Малика Ермек және Алина Әжіғалиева эстафетада қола медаль иеленді.

Бұл нәтиже біздің құраманың World Tour рейтингіндегі орнын жақсартуға мүмкіндік берді. Команда сегізінші орыннан бесінші орынға көтерілді. Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының еншісінде 142 ұпай бар.

Жалпы рейтингте Канада 260 ұпаймен көш бастап тұр.

Қазір оқып жатыр

Temu маркетплейсінің табысы төмендеді

Рахмоновтың жұбайы 5 жылға сотталды

Астанадағы ең танымал монша тағы да сатылымға шығарылды

Құрылтайды кім басқарады?