2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Қазақстан әйелдері еркектерден 9 жас ұзақ өмір сүреді

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда тұрғындары ең ұзақ әрі ең қысқа өмір сүретін өңірлерді атады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ұлттық статистика бюросы 2023 жылғы есебін жариялап, халықтың өмір жасына жасалған талдауды көрсетті.

– Туған кезде халықтың күтілетін өмір ұзақтығы - бұл ұрпақтың бүкіл өмірінде әр жас тобындағы өлім-жітім деңгейінің көрсеткіші есептік жылдағыдай деңгейде өзгеріссіз қалатын жағдайда осы ұрпақтан туған бір адамның өмір сүретін жасы, – деп бір сөйлеммен ұзын-сонар түсініктеме береді бюро.

Бюроның хабарлауынша, халықтың орташа есеппен жасы 75,09. Олардың ішінде ерлердің үлесі 70,99 жас. Ал әйелдердің үлесі – 79,06 жас.

Қалалық тұрғындарының орташа есеппен жасы 75,73 болса, ауыл тұрғындарының үлесі 74,02 жас.

Ең жоғары туғандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы Алматы қаласында – 78,28 жас, ал ең төмені Ұлытау облысында – 72,41 жас.