5 октября 2025 г. 15:48

Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді

Фото: istockphoto.com

  5 қазанда таңертең қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді.

Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасының Ядролық физика ұлттық зерттеу орталығына қарасты Геофизикалық зерттеулер институтының жедел мәліметтеріне сәйкес, жер дүмпуі Астана уақытымен сағат 11:20-да (Гринвич уақытымен 06:20) болған.

Сейсмологтардың ақпараты бойынша, жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан.

Эпицентр координаттары – солтүстік ендік 40,47°, шығыс бойлық 77,15°. Жер сілкінісінің магнитудасы – 4,5, энергетикалық класы – K=10,4, – делінген Қазақстанның Ұлттық деректер орталығының хабарламасында.

Қазіргі уақытта жер дүмпуі Қазақстан аумағында сезілгені немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.