Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатын екі медальмен аяқтады

Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Қытайдың Цзяншань қаласында өткен Азия чемпионатында өнер көрсетуін аяқтады.

ҰОК

Алматы, NEGE. Команда жарыс қорытындысы бойынша екі медаль жеңіп алды. Алайда бұл жолы қазақстандық ауыр атлеттер жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріле алған жоқ.

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Пётр Хребтов қола медаль иеленсе, 102 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы Артём Антропов күміс жүлдеге қол жеткізді.

Ал Егор Шерер (89 келіге дейін) мен Любовь Ковальчук (87 келіден жоғары) жүлдеге бір қадам жетпей қалды.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды