Қазақстан әскерінде тағы бір сарбаз қаза тапты

17 ақпанда Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу полигонында мерзімді әскери қызметтегі сарбаз қаза тапты, деп хабарлады Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі.

gov.kz

Алматы, NEGE. Құрлық әскерлері «Батыс» өңірлік қолбасшылығының мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі жоспарлы далалық атыс жаттығуларын өткізу кезінде қару қолдану кезінде оқ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмған.

Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиға орнына генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бастаған комиссия жіберілді.

Аталған факті бойынша Батыс өңірінің әскери-тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге қашан жететіні беймәлім

Жағалаудағы құрылыс кезінде 170 млн теңге жымқырған: Көкшетауда шенеунік сотталды