Қазақстан әртістік жүзуден Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте көш бастады

Су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында әртістік жүзу сайыстары өз мәресіне жетті.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан құрамасы жарысты 11 медальмен аяқтады. Ұлттық құрама қоржынында жеті алтын, екі күміс және екі қола жүлде бар.

Бұл нәтиже отандастарымызға жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленуге мүмкіндік берді. Таиланд командасы екінші орын алды (екі алтын, үш күміс, екі қола). Ал Өзбекстан құрамасы үздік үштікті түйіндеді (екі алтын, бір күміс, бес қола).

Қазір оқып жатыр

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды

Мәслихат өз отырыстарын міндетті түрде онлайн көрсету керек

Коллекторлар миллиардтаған теңге бюджет қаражатын жасырып қалған

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»