Қазақстан армиясының әлемдік рейтингте қай орында тұрғаны белгілі болды

Әскери күш деңгейі бойынша елдердің жыл сайынғы рейтингі жарияланды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Еліміз 58-орында тұр. Рейтингке әлемнің 145 мемлекеті кірді.

Қазақстан армиясы Орталық Азия елдері арасында үздік атанып отыр. Рейтинг Global FirePower Index сайтында жарияланды. Әр елдің әскери күш индексін (PwrIndx) есептеу 60 түрлі көрсеткіш бойынша жүреді, олардың арасында логистика, география, қаржыландыру және басқа да көрсеткіштер ескеріледі.

Елдің индексі нөлге неғұрлым жақын болса, оның әскери күші соғұрлым жоғары болады. Осылайша Қазақстан осы рейтингте 58-орынға ие болды – Қазақстан армиясы Орталық Азия елдері арасында үздік атанды.

Өңірдегі қалған елдер төменде орналасқан. Қазақстанның рейтингте көтерілгені айтылады. 2022 жылы қазақстандық армия 64-орында, былтыр 63-орында болған. Әскери күшінің ең жоғары көрсеткіштері бар елдер АҚШ, Ресей және Қытай болды, ал рейтингтің соңғы орнында Бутан тұр.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде