Қазақстан ардагерлерін ардақтауда көш басында келеді

Биыл Қазақстанда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында 32,9 мыңға жуық адамға біржолғы төлем берілді.

gov.kz

Астана, NEGE. Бұл мақсатта 3,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, деп жазады қаржы саласындағы сарапшы Андрей Чеботарёв.

Қаржылай көмек алғандардың қатарында тыл еңбеккерлері, соғыста қаза тапқандардың жесірлері мен жарақат алу салдарынан мүгедектікке ұшырағандар бар.

Биыл Қазақстанда ардагерлерге ерекше көңіл бөлінді. 57 ардагердің әрқайсысына тұратын өңіріне қарамастан  5 млн теңгеден біржолғы төлем берілді.

«Ардагерлерді материалдық қолдау деңгейі бойынша Қазақстан өңірдегі жетекші елдердің бірі саналады. Республикада белгіленген төлемдер басқа елдердегі көрсеткіштерден айтарлықтай жоғары. 2026 жылы майдангерлерге берілетін біржолғы көмек 5 млн теңгеге жетсе, Өзбекстанда 30 млн сум (шамамен 1,1 млн теңге), ал Беларусьте 5 мың беларусь рублі (шамамен 715–825 мың теңге) төленді», – делінген жазбада.

Андрей Чеботарёв келтірген дерек бойынша, Ресей Федерациясында біржолғы көмек сомасы 10 мың рубль (шамамен 61 мың теңге) болған. Сондай-ақ Ресейде өңірлік үстемақылар да қарастырылған (мысалы, Мәскеу мен Мәскеу облысында – 70 мың рубльге дейін, яғни шамамен 430 мың теңге). Алайда көрші елдегі қосымша төлемдерді есептегеннің өзінде, жалпы көмек көлемі Қазақстандағы көрсеткіштен бірнеше есе төмен болып отыр.

«Бұл қазақстандық ардагерлердің ерекше мәртебесін айқындап, оларды әлеуметтік қорғауға бағытталған мемлекеттік саясаттың жүйелі сипатын көрсетеді», – дейді Чеботарёв.

Мереке қарсаңында Қазақстанда қаржылай қолдау көрсетуден бөлек, әрбір ардагерге ерекше құрмет көрсетілетіні де аталып өтілген.

Қазір оқып жатыр

Ата-аналар елімізде эпилепсияға қарсы дәрі тапшы деп шағымдануда

Тоқаев Алатау қаласы туралы Конституциялық заңға қол қойды

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккен бір адам санавиациямен Астанаға жеткізілмек

Үкімет ERG-дегі үлесін арттыруды жоспарлап отырған жоқ