Қазақстада бірінші АЭС 8 жылда салынады деп жоспарланды

Қазақстандағы бірінші атом электр станциясының құрылысы сегіз жылға созылуы мүмкін, деп мәлімдеді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. «Әдетте атом электр станциясының бірінші блогын салу процесі 10-12 жылға созылады. Дегенмен, біз технологияның дамып жатқанын және ядролық технологияны енгізу тәжірибесі бар екенін ескереміз. Біз сегіз жыл ішінде Қазақстандағы бірінші АЭС кешенін салу үшін мерзімін жеделдету мәселесін көтереміз», - деді Сәтқалиев Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Министр уақыттың жеделдігінен құрылыс сапасының төмендемейтінін алға тартты.

«Атом электр станцияларының сапасына қатысты барлық жұмыс біздің және халықаралық ұйымдардың бақылауында болатын процесс. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік пен ядролық жабдықтар ұйымдары мониторинг жүргізетін болады. Мұнда қатаң экологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптары бар, жалпы құрылыс сапасы төмендемеуі керек деп ойлаймыз», - деді Энергетика министрі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті