Қазақстан: Коронавирус жұқтырған 10-шы науқас анықталды

Қазақстанда коронавируспен ауырған 10-шы науқас тіркелді.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Еуразия 1 арнасында тікелей эфир кезінде айтты. Диас Ахметшәріптің айтуынша, 1986 жылы туған қыз Ыстанбұл қаласынан Алматыға ұшып келген.