Қазақстандықтардың қанша пайызы дауыс берді?
18:00-дегі жағдай бойынша сайлауда дауыс беруге құқылы азаматтардың 67,08 %-ы дауыс берген, деп хабарлады Stan.kz агенттігі.
Алматы, NEGE. Дауыс беру басталған уақыттан бері елімізде 8 108 668 азамат бюллетень алған.
Шавхат Өтемісовтің сөзінше, АҚШ пен Канадада салйау учаскелері өз жұмысын бастаған. Ал Сан-Францискода уақыт белдеуінің өзгешелігіне байланысты учаске кешірек ашылады.
Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 20:00-ге дейін жалғасады. Аймақтар бойынша Түркістан облысы көш бастады. Мұнда азаматтардың 80,25%-ы дауыс берген. Ал Алматыда тұрғындардың небәрі 27,93%-ы дауыс берді.