5 ноября 2022 г. 13:10
Қазақ-өзбек шекарасында 4.9 балдық жер сілкінісі тіркелді
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 5 қараша күні таңғы сағат 6-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады BAQ.Kz.
Алматы, NEGE. Зілзала ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 683 шақырым жерде, Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.3. MPV тербелісі – 4,9. Тереңдігі – 15 км.
Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.