Қазақмыс Жезқазғандағы жылыту маусымына дайын
Бірқатар ақпарат құралдарында Жезқазған ЖЭО «Kazahmys Energy (Қазақмыс Energy)» ЖШС және «ГРЭС Топар» ЖШС-нің алдағы 2023-2024 жылыту маусымына дайындығы туралы қате ақпарат таралуда. Ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі, бүгінгі таңда Жезқазған ЖЭО-ны 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындау «KEGOK» бекіткен кестеге сәйкес жүргізілуде.