Қазақмыс» қызметкерін соққыға жыққан күдіктілер анықталды

Ұлытау облысы ПД қызметкерлерімен әлеуметтік желіге жарияланған бейнежазба бойынша бұзақылық жасағаны үшін 25 және 45 жастағы екі күдікті ұсталды, деп жазды  Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Күдіктілердің "Қазақмыс корпорациясы" АҚ "Жомарт" кенішінің қызметкерлері екені анықталды. Олар жұмыс орнында болған кезде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, әріптестеріне құрметсіздік танытып, жанжал туғызып, біріне дене жарақатын салған.

Осылайша, күдікті адамдар ұйымның қалыпты қызметін бұзды. Тергеу барысында жанжалдың куәгерлері анықталды. Күдіктілерге қатысты облыс сотының шешімімен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. Қазіргі таңда соталды тергеу жалғасып жатыр.