Қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктері кептелісі жоқ - министрлік
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті осы уақытта Қазақстан-Қырғыз шекарасында жүк көліктерінің кептелісі жоқ екендігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы, NEGE. «Қазіргі уақытта Қазақстанның «Қарасу» өткізу бекетінде жүк машиналарының кептелісі жоқ. Пост жұмысы штаттық режимде жүріп жатыр», - делінген хабарламада.
Мәлім етілгендей, қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктерінің уақытша кептелісі Ресейден транзитпен Қырғызстанға бара жатқан көліктердің бір мезгілде келуінен болған.
«22 қыркүйектен бастап Қазақстан-Ресей шекарасында Ресей азаматтарының легі артты, оларды бірінші кезекте өткізді.
Жүк көліктерінің Ресейден Қазақстан аумағына кіруін Ресей шекара қызметі уақытша шектеген болатын.
Ал Ресей азаматтарының легі азайғаннан кейін Ресей тарапына жүк көліктерді Қазақстан мен Қырғызстан бағытына бір мезетте өткізді.
Осы себепті «Қарасу» бекетіне жүк машиналарының бір мезгілде келуі байқалды. Қазіргі уақытта Қазақстанның шекара қызметі мен Мемлекеттік кірістер комитетінің экспорттық бақылауы штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - делінген ұсынылған хабарламада.