Қазақ-Қырғыз президенттері шағын құрамда келіссөздер жүргізді

Қазақстан Президентін «Ала-Арча» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Бұл жайында Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков Құрмет қарауылын аралап өтіп, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін «Ақсақалдар» залында шағын құрамдағы келіссөздер өтті.

Тараптар екіжақты стратегиялық серіктестік бойынша, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттағы, сондай-ақ, халықаралық құрылымдар аясындағы көптеген мәселелерді қарастырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, оның қазақ-қырғыз ынтымақтастығын нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалады.

Қазақстан Президенті өзінің Бішкекке жасаған мемлекеттік сапарына зор мән беретінін атап өтіп, екі бауырлас халық арасында ешқандай қарама-қайшылықтың жоқ екенін айтты.

 Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Президентінің сапары екі ел қарым-қатынастарының дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековті 2020 жылы Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды