«Қазақфильмнің» мерейтойына орай алтын қордағы фильмдер көрсетілді

Қала күні қарсаңында «Қазақфильм» киностудиясының алтын қорындағы фильмдердің көрсетілімі өтті, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. Бұл іс-шара студияның 90 жылдығы мен аты аңызға айналған актер әрі режиссер Шәкен Аймановтың 110 жылдығына орай ұйымдастырылды. Қонақтар Қазақстанның кинематографиялық мұрасына үңіліп, мәдениетіміздің бір бөлшегіне айналған маңызды туындыларды еске алды.