23 мая 2022 г. 10:42

«Қазақфильм» анимациялық жобаларға байқау жариялады

Фото:

"Қазақфильм" анимациялық жобаларға байқау жариялады. 

Алматы, NEGE. «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ анимациялық жобаларға байқау жариялайды. Конкурсқа Қазақстан, ТМД және Грузия  азаматтары қатыса алады. Сценарийге қойылатын талаптар: Сценарийдің бірінші бетінде келесі тармақтар (кесте) жазылуы міндетті: Сценарийдің атауы; Сценарий авторының аты-жөні (толық жазу); Байланыс нөмірі, электрондық поштасы; Фильмдердің жас санаты: 0+, 3+, 5+, 7+, 12+; Фильмнің жанры (шектеу жоқ); 6.Тілі (қазақша, орысша); Ұзақтығы -3-5 минут.

Талаптарға сәйкес жазылған сценарийлерді srk@kazakhfilm.kz поштаға жіберу керек. Өтініштер 2022 жылғы 17 мамырдан бастап 7 маусымға дейін (қоса алғанда) қабылданады. ЕСКЕРТПЕ: Барлық сценарий өтінімдері Word форматында, сценарий талаптарын ескере отырып қабылданады. Егер сіздің сценарийіңізді Сараптамалық кеңес бекітетін болса, бұл жобаны «Қазақфильм» АҚ өндіріске жібереді.

Тегтер: