Қазақалтын ТКМК: 122 млн теңгенің алтыны ұрланды

Ақмола облысының полиция департаменті алтын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Оқиға 2 наурызға қараған түні «Қазақалтын ТКМК» АҚ-да орын алған.

Алматы, NEGE. Ведомствода атап өткендей, қылмыстық әрекет салдарынан кәсіпорынға 122 млн теңге көлемінде шығын келген. Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Полицейлер күдіктілерді анықтауға бағытталған шаралар кешенін өткізуде.

«Қылмысты жасауға қатысы бар адамдарды анықтау үшін криминалдық полиция мен тергеудің тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді», – деп хабардар етті Ақмола облысы полиция департаменті. 

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті