Қазақ ұлттық университетінде ең үлкен студенттер жатақханасы салынады

Әлемнің ең үздік 200 жоғарғы оқу орны қатарына енген әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде еліміздегі ең ірі студенттер жатақханасы салынады. Бүгін іргетасына салтанатты түрде капсула қойылды.

Алматы, NEGE. Мың 250 орындық студенттер үйінің жалпы көлемі 22 мың шаршы метр болды. Онда жастарға қажетті жағдайдың барлығы ойластырылған Мемлекеттік және жекеменшік әріптестік негізінде құрылысты жеке инвестор өз қаражаты есебінен жүргізеді. Жалпы ұлттық университетте 15 мыңға жуық студент білім алады. Соның тең жартысы жатақханада тұрады. Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ ректорыҒалымқайыр Мұтанов: "Қазір 7 мыңдай студент жатақханаларда тұрып жатыр. Бұл 1250 орындық оған тағы да қосылады. Сонымен біз студенттердің жатақанаға деген сұранысын толық қанағаттандырамыз деп ойлаймыз" деді. 

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында тұрғындар Қызыл кітапқа енген қызғалдақты көлікпен таптаған

Туризм министрлігі АҚШ-тан арнайы шақырған қонағын қарсы алуды ұмытып кеткен

Ұлытауда төрт баланың анасы азаматтық некедегі күйеуінің қолынан қаза тапты

«Әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр»: алматылық ана Президентке шағымданды