Қазақ ұлттық университетінде «Абай» залы ашылды

Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде тақырыптық залдың тұсаукесері өтті.

Алматы, NEGE. Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай – Рухани реформатор» атты мақаласында: «Біз Абайды ХІХ ғасырда өмір сүріп, ХХІ ғасырдың сөзін сөйлеген данышпан ретінде әлемге танытуымыз керек. Сонымен қатар оны ұлттық сананы жаңғыртуға зор ықпал еткен рухани реформатор ретінде дәріптеуге міндеттіміз. Түптеп келгенде, әрбір қазақ Абаймен мақтануға тиіс!» – деп атап өтті.

Ұлы ақынның мерейтойын мерекелеу аясында ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасында жаңа тақырыптық зал ашылды, онда Абай Құнанбаевқа арналған арнайы экспозициялар, сондай-ақ ақынның өмірі мен шығармашылығын ашып көрсететін сурет галереясы орналасқан. Орталық суретте ақын дала мен таулар аясында ақ киімде бейнеленген, бұл оның жаны мен ойының тазалығын бейнелеп, Абайдың ұлылығын және оның туған жерімен ажырамас байланысын көрсетеді.

«Зал 80 орынға арналған және заманауи аудио-видео жабдықтармен жабдықталған, мұнда студенттер үшін дәрістер, кездесулер, конференциялар және басқа да ғылыми шаралар өткізуге болады. Сонымен қатар, бұл жерде Абай шығармаларының, оның ішінде сирек кездесетін басылымдардың тұрақты көрмесі бар. Сондай-ақ, Абай және оның шығармалары туралы аудио-видео материалдардың толық жинағы келтірілген», – деп атап өтті тұсаукесер барысында кітапхана директоры Калима Төлеубаева.

Сондай-ақ, шарада ұлы ақынның Халықаралық Абай клубы мен ҚазҰУ бірлесіп басып шығарған шығармаларының толық жинағы ұсынылды. Осы шығарылым туралы белгілі қазақ жазушысы, драматург және баспагер Роллан Сейсенбаев әңгімеледі. Ол он томдық басылымға орыс, ағылшын, француз және неміс тілдеріне аударылған туындылар кіргенін атап өтті. Жинақтың «Абай туралы сөз» атты жеке томы толығымен Абай туралы әдебиеттанушылар, ақындар, жазушылар және әлемге әйгілі ғалымдардың тұжырымдарына арналған.

Қазір оқып жатыр

Астанада «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы сатыла ма?

Қазгидромет 11–13 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Винус Уильямс Зарина Диасқа қолдау білдірді

Тоқаев Трампты «Артемида-2» миссиясының орындалуымен құттықтады