Қазақ үкіметі қырғыз және ресейлік әріптестерімен ұлттық валютада есеп айырысуды талқылауда

Қазақстан, РФ және Қырғызстан үкіметтері бизнес-операцияларды ұлттық валютада жүргізуді ақылдасуда. Бұл туралы қырғыз үкіметінің басшысы Мұхаммедқалый Абылғазиев мәлімдеді. Аптаның басынан бері доллардың қырғыз сомына қатысты бағамы 4%-ға өсіп кеткен. Қазір бір доллар 73 сомға сатылуда.

Алматы, NEGE. «Қазақстан және Ресей Федерациясының үкіметтерімен бірге осы елдердің кәсіпкерлерінің өзара келісімшарт міндеттемелері бойынша ұлттық валютамен есеп айырысу мәселесі талқылануда», - деп хабарлады қырғыз премьерінің баспасөз қызметі.

Әзірге үш елдің валютасының төлем қабілетіндегі айырмашылықты қалай еңсеретіні белгісіз.  

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық мұғалімдерге өз оқушыларына қосымша сабақ өткізуге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда жұмыс берушілер жасөспірімдерді сақтандыруға міндеттелмек

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: полиция қызметкеріне қатысты тергеу аяқталды

Екі жылға сотталған Жанабыловтар әлеуметтік желіге қайта оралды