Қазақ төрешілері алғаш рет жасөспірімдер турнирінің финалында қазылық етті

Теннистен қазақстандық төрешілер алғаш рет жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінің финалында қазылық етті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Астана. NEGE. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Отандық төреші Меруерт Каукеева қыздар арасындағы жұптық сынның ақтық кезеңінде қызмет көрсетті. Ал екінші қазақстандық маман Юлия Игнатченко жасөспірім ұлдар арасындағы жекелей сында үздікті анықтауға қатысты. 

Айта кетерлігі, қос төреші де Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарында төрешілер құрамында қызмет еткен. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр