29 сентября 2022 г. 14:58

Қазақ тілін үйренсін: Депутат Наталья Дементьева ресейліктерге кеңес берді

Фото:

Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты Наталья Дементьева ресейліктердің өз елінде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін Қазақстанға келуі туралы өз пікірін білдірді. Ол бұл туралы inbusiness.kz сайтына берген сұхбатында айтқан. 

Алматы, NEGE. Депутаттың айтуынша, бұл алаңдатпай қоймайтын жағдай.

«Ресейліктердің саяхаттап емес, белгілі бір тұлғаның шешімінен кейін, жаппай көшуі бізге де ұнамайды. Жалпы елімізде бұл жағдай жанына майдай жағып отырған адамды табу қиын. Өйткені бұл нөпір белгілі бір тұрғыда моральдық жағынан ыңғайсыздық тудырып отыр», — деді Дементьева.

«Иә, өкінішке қарай, осы ұрымтал сәтті бас пайдасы үшін пайдаланып қалғысы келіп жатқандар бар. Былай қарасақ, олар кімге, қандай сомаға пәтерін беретінін өзі біледі. Бірақ олар ойлануы керек қой. Бұл жерде азаматтық позиция деген сұрақ туындайды. Табыс үшін өзінің отандасын сыртқа қуғандарды түсіне алмайды екенмін. Бұл жағдайға қарап отырып, намыс, ұят қайда деген ой келеді», — деді Парламент депутаты. 

Сондай-ақ одан Қазақстанға келетін ресейліктерге қандай кеңес беретінін сұраған.

«Ресейліктерге айтарым, келген жерлеріңізде қонақ екендеріңізді ұмытпаңыздар. Жергілікті халықтың өз дәстүрі, тұрмысы, ішкі жан дүниесі бар, өзінің дүниеге деген көзқарасы бар. Біздің өз менталитетіміз, былайша айтқанда діліміз бар. Олар біздің бұл құндылықтарымызға міндетті түрде құрметпен қарауы керек. Ресейліктердің дені транзитпен басқа мемлекеттерге кетеді. Ал біздің елде қалғысы келгендерге айтарым, мемлекеттік тілді үйреніңдер. Егер қазақ жерінде қаламын десе, осыны қаперлерінде ұстасын. Неге десеңіз, тілге құрмет – елге құрмет!», — деп жауап берді Дементьева. 

Тегтер: