Қазақ күресінен турнир басталды

Жамбыл облысында Бірлік күні қарсаңында қазақ күресінен республикалық турнир басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. «Қолбасшы Қойгелді» атындағы жарыс 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында өтіп жатыр. Оған Қазақстанның 12 өңірі және Алматы, Шымкент, Қаратау қалаларынан 300-ден астам жас спортшы келген. Балуандар 10 салмақ дәрежесі бойынша белдеседі. Жарыс 2 күнге жалғасады. Боз кілемде үздік өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған спортшыларға Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер атағы беріледі.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр