«Қазақ, қазаққа қамқор бол!» – Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жаңа хештег бастады

Пәтерақы бағасының шарықтап кеткені актрисаның жанына батса керек, ол желідегі жұртты бір-біріне пана болып, қамқорлық танытуға шақыру мақсатында арнайы жазба жариялады.

Алматы, NEGE. Сөмкемен далада қалған отандастарының жайын айтқан  Қайрат Нұртастың жұбайы «Біз намысын нанға сатпайтын ел емес пе ек?!»– деп күйінді.

«...Орыс келді деп, қазағыңды қуып, тапқан 5-10 мың теңгең қай жыртығыңды жамайды дерсің?! Түн ортасында «үйді босат!»– деп шығарып жіберген отбасының қаяу көңілі – тапқан табысыңызды тамаңығыздан қалай өткізбек? Біз кім едік, қазір кімге айналдық? «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартады» деген. Қымбатшылық таяғанда етектен алған бөрі болмай, өз қазағыңа қамқорлық көрсететін адамға айналайық», – дейді Әбдікәрімова.

Осындай ойын инстаграм-парақшасы арқылы ортаға салған өнер иесі арнайы хештег бастап, «Ең мейірімді, квартирадан қумаған, бағасын көтермеген жалға берушілердің оқиғасын жазайық»,– деп көпшілікке ұсыныс тастады.

Қазір оқып жатыр

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ