«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі Вьетнамда көрсетілді

Елімізде Тәуелсіздік күніне күніне орай Вьетнам астанасы Ханойдағы ұлттық киноорталықта режиссер Рүстем Әбдірашевтің "Қазақ хандығы. Алмас қылыш" атты тарихи фильмі көрсетілді.

Алматы, NEGE. Картинаны вьетнам тіліне аудару мен оны жұртшылықтың назарына ұсыну жұмысын Вьетнамдағы Қазақстан елшілігі ұйымдастырды. Көрсетілім алдында осы мемлекеттегі Қазақстан Респуликасының елшісі Ерлан Байжанов жиналған көпшілікке қазақ елі туралы баяндап, тарихынан сыр шертті. Шараға мемлекеттік орган өкілдері, мәдени- білім беру ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Вьетнам көрермендері ұсынылған фильмнің көңілден шыққанын айтып оның жалғасын асыға күтетіндерін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Шри-Ланка әуежайында 22 дін қызметкері есірткімен ұсталды

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі