Қазақ футболының аңызы Сейілда Байшақов өмірден озды

Қазақ футболының аңызы, ҚР ардагерлер футболы одағының президенті, Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов 73 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.

Алматы, NEGE.  Сейілда Икрамұлы КСРО спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы болды. Ұзақ жылдар бойы алматылық «Қайраттың» капитаны болып, КСРО ұлттық құрамасында ойнады.

«Сейілда Байшақовтың отандық футболдың дамуына қосқан үлесі орасан. Ел футболы үшін аянбай еңбек етіп, жас ұрпаққа үлкен тәлім-тәрбие берді. Қазақстан футбол федерациясы Сейілда Икрамұлының туысқандары мен жақындарына қатты қайғырып, көңіл айтады. Сейілда Байшақов есімі біздің жүрегімізде мәңгі қалады», - делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр