Қазақ эстрадасы триомен толықты

Қазақ эстрадасы тағы бірі триомен толықты. Әнші Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртас қос өнерпазбен қосылып, «AIZaBi» атты музыкалық топ құрды.

Алдыңғы буын ағаларын үлгі тұтқан жас өнерпаздар халықтың алғысы мен батасын алу үшін топ құруды көздеген. Жігіттер шығармашылық жұмысқа қызу кірісіп кетті. Өнер сахнасына алғаш рет Қайраттың отбасылық кешінде шыққан Заңғар бүгінде ағасымен қос бірдей әнге бейнебаян таспалаған болатын. Көрермендер де оң бағасын берді. Бұған қоса, жеке клипі тағы бар. Ендеше, қазақ өнеріне үлесін қосуды мақсат тұтқан «AIZaBi» тобына шығармашылық шабыт пен табыс тілейміз

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?