Қазақ балуаны UWW таңдауы бойынша қазан айының үздік спортшысы атанды

Бүкіләлемдік күрес ұйымы (United World Wrestling - грек-рим күресі, еркін күрес және әйелдер күресінің халықаралық федерациясы) қазан айының қорытындысы бойынша үздік балуандарды анықтады.

Алматы, NEGE. Ерлер арасында қазақ балуаны Сұлтан Әсетұлы грек-рим күресінен айдың үздік спортшысы атанды. Ол жуырда ғана Тиранада (Албания) өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында 67 килоға дейінгі салмақта чемпион болды. 

Сұлтан Әсетұлы бұл санатта əлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ балуаны.

Әйелдер арасында америкалық Эмит Элор айдың үздік балуаны болды. Ол да жастар арасындағы әлем чемпионатында 72 килоға дейінгі салмақта топ жарған. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр