Қазақ баласы «Украинаның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» болды
Кикбоксингтен Украина мен Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы, 20 жылдық тәжірибесі бар жаттықтырушы Николай Әкімжанов «Украинаның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағына ие болды.
Алматы, NEGE. Спортшыға тиісті куәлігін Украинаның жастар және спорт министрі Вадим Гутцай салтанатты түрде табыс етті.
Николай Әкімжанов Алматы облысында дүниеге келген. Әкесі Катонқарағайдан. Отбасында Николайдан басқа тағы үш ұл мен екі қыз бар. 1985 жылы отбасы Украинаға көшіп кеткен, Әкімжановтың бүкіл өмірі сонда өтті.