Қазақ баласы NASA-да тағылымдамадан өтті
16 жастағы қазақ баласы АҚШ-тың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасында іс-тәжірибеден өтті.
Алматы, NEGE. Назарбаев зияткерлік мектебінің оныншы сынып оқушысы Ерасыл Тәуекел NASA ғалымдары мен инженерлерінің және зерттеушілерінің дәрістерін тыңдады. Екі апталық тағлымдамада қатысушылар шикізат алу мақсатында астероидтерге арналған миссияны әзірледі. Ерасылдың дайындаған жобасы үздіктер қатарынан табылып, 3-орынға ие болды. 16 жастағы қазақ баласы NASA-ның Линдон Джонсон атындағы ғарыш орталығында тағылымдамадан өтті. Онлайн форматта өткенімен қаршадай бала үшін америкалық ғарышкерлермен тілдесу керемет әсер қалдырған. Ерасыл Тәуекел Билл Макартур, Сунита Уильямс және Майкл Бэйкерден секілді алыптардан дәріс алған. Ол 2Айта кетерлігі, «Байқоңыр» ғарыш айлағына сапар кезінде Ерасыл өз жобасын қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовке таныстырған. Жас ғалым әрдайым ізденіс үстінде жүріп, мүмкіндіктерді қалт жібермеуге тырысатынын айтады. Осылайша үлкен жетістіктерге жететініме сенімдімін дейді.
Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Ерасыл Тәуекел: "Мен NASA мамандарымен онлайн отырып, зымыранның ұшырылуын мониторинг жасадым. Сондықтан мен сол үлкен тарихи, құнды ғарыш миссиясына сүбелі үлес қостым. Бұл жоба қиын, бірақ қызықты болғандықтан 6 ай жасадым. Біздің зерттеуіміз 3-шорын алып, контракт жеңіп алдық" деді.
Ауылдағы ата-әжесінің үйіне барғанда аспандағы жұлдыздарды көріп, тамсанған. Ерасыл қалаға оралғанда керемет көріністі көзбен қайта көру мүмкін болмадыдейді. Осыдан кейін жас баланың зымыран ғылымына қызығушылығы артқан. Ол алғашында модельдік зымырандарға арналған толық автоматтандырылған ұшыру қондырғысын жасап шығарды. Дарынды баланың ғылымда ауыз толтырып айтарлықтай өзге де жетістіктері бар. Мәселен, Корея, АҚШ, Мәскеу сынды елдерді бағындырып, жүлделі орындарға иеленген.
Аэрокосмонавтика үйірмесінің жетекшісі Оралбек Бидайбеков: "Ол біздің мектептің мақтанышы. Оны байқаған мен өзіңнің зымыраныңды ұшырсаң қайтеді деген тапсырма қойдым. Ол бір аптада орындады. Нағыз еңбекқорлығын көрсетті. Маған сұрақтармен келіп отырады. Мен бағыт беріп отырамын", – дейді.
Айта кетерлігі, «Байқоңыр» ғарыш айлағына сапар кезінде Ерасыл өз жобасын қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовке таныстырған. Жас ғалым әрдайым ізденіс үстінде жүріп, мүмкіндіктерді қалт жібермеуге тырысатынын айтады. Осылайша үлкен жетістіктерге жететініме сенімді.