Қазақ баласы Ақ үйде қонақ болды

Стэнфорд университеті гольфистер командасының мүшесі, қазақстандық Дәулет Төлеубаев АҚШ президенті Дональд Трампың қонағы болды. Бұл туралы «Хабар24» хабарлады.

Алматы, NEGE. Дональд Трамп та гольфті жақсы көреді. Журналистердің зерттеуінше, Трамп жұмыс күнінің 23 пайызын гольф ойнаумен өткізеді екен. Бірнеше жеке гольф алаңдары бар президент спорттың осы түрінен өтетін маңызды жарыстарды да жіті қадағалап отырады. Стенфорд университеті командасының жеңісіне тамсанған Трамп оларды Ақ үйге қонаққа шақырды.

«Бұл турнир Америкадағы колледждер арасында өтеді. Мен осы командадағы турнирге қатысқан бес гольфисттің бірімін. Төрт күндік ойыннан соң біз «жекпе-жекке» өттік. 2:2 есебімен тең түсіп тұрғанбыз, соңғы матчта мен жеңіске жеттім де, командамды финалға алып шықтым. Осылайша біз жеңімпаз атандық» дейді Дәулет Төлеубаев.

Оқуда да, спортта да озат қазақ баласына Гарвард, Принстон, Дьюка сияқты жетекші оқу орындары көз салып, оқуға шақырып жүр екен. Бірақ отандасымыз Стенфордты таңдапты. Қазір ол гольфтен бірінші дивизионда ойнап жүр. Бір кездері бұл дивизионда әйгілі гольфист Тайгер Вудс ойнаған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ

«Масылдық ұғымынан біржола арылу қажет»: Президент дотацияға сеніп отыратын әкімдерді сынады

«Ересектермен бірдей жазаға тартылады»: ІІМ ата-аналарға ескерту жасады

«Кастетпен ұрған»: Таразда тоғызыншы сынып оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан