«Қазақ Аруы-2020» байқауының жеңімпазы анықталды
Нарқыз Айдарова «Қазақ аруы – 2020» байқауының жеңімпазы атанды.
Алматы, NEGE. Продюсер Баян Алагөзованың бастамасымен ұйымдастырылған байқау Республика сарайында биыл оныншы рет өтті. Қуанышбаев атындағы театр директоры Асхат Маемиров, композитор Арман Дүйсенов, актриса Айгүл Иманбаева, қоғам қайраткері Қайрат Құдайберген, тележүргізуші Айгүл Мүкей, Тәуекел Мүслім және дизайнер Назым Карпыкова төрелік еткен сайыста Қазақстанның түкпір-түкпірін келген 19 бұрымды бақ сынады.