«Қазақ әдебиеті» оқулығына барлық классиктер енбей қалған

Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов онлайн-баспасөз мәслихаты аясында оқулықтағы қателіктер жайына тоқталды.

Алматы, NEGE. Министр "Қазақстан тарихы" оқулығын бірізге түсіру керектігін айтты. "Тарихта болған оқиғалар датасы да әртүрлі. Бұл да талай жылдан бері даулы мәселеге айналды. Екіншіден, көркем әдебиет бойынша. Балаларды әдебиетті оқуға баулу керек. Бірақ балалар үшін әдеби кітаптар жеткілікті ме. Мектеп кітапханасында бар ма? "Қазақ әдебиеті" оқулығының мазмұны жайында да сұрақ көп. Барлық классиктер енбей қалған деген пікір бар. Осы бойынша тиісті жұмыс атқарылады" деді А.Аймағамбетов. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде учаскелік полицей қарт ананы 30 жыл көрмеген балаларымен қауыштырды

Алматыда дәрігерлер екі жастағы баланың басына кіріп кеткен қайшыны алды

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Трейдерлер Қытайға экспорттан шет қалғанын айтып, дабыл қақты