Қазақ теннисшісі Тимофей Скатов Италиядағы турнир финалына шықты

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Италияның Тоди қаласында өтіп жатқан ATP Challenger жарысының финалына шықты. Ол жартылай финалда Монако өкілі Валантен Вашроны сенсациялық түрде жеңді.

olympic.kz

Алматы, NEGE. Әлемдік рейтингте 308-орында тұрған Скатов 246-орындағы қарсыласын екі сетте — 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Кездесу 2 сағат 13 минутқа созылды. Матчқа аутсайдер болып шыққанымен, қазақстандық теннисші өз ойынын өткізіп, финалға жолдама алды.

Шешуші ойында Скатов италиялық Стефано Травалья (233-орын) мен боливиялық Хуан Карлос Прадо Анхелоға (261-орын) қарсылас атанатын теннисшімен кездеседі.

Финалда жеңіске жеткен жағдайда Скатов 12 980 еуро жүлде мен 75 рейтингілік ұпай иеленеді. Бұл оның мансабындағы ірі жетістіктердің бірі болмақ.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды