Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институтынан 921 млн теңге өндірілді

Алматы прокуратурасы  «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институты» АҚ қызметінде ірі қаржылық бұзушылық анықталғанын хабарлады.

inbusiness.kz

Астана, NEGE. Прокурорлардың мәлімдеуінше, паспортизациялау жұмыстарын жүргізу барысында қаржылық бұзушылықтарға жол берілген.

«Прокуратураның талап қоюы бойынша сот тәртібімен мемлекет кірісіне 894 млн 177 мың теңге мөлшерінде берешек, сондай-ақ 26 млн 825 мың теңге көлемінде мемлекеттік баж өндірілді», – делінген ресми хабарламада.

Алматы қаласының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Денсаулық министрлігі хантавирусқа байланысты үндеу жасады

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі 79%-ға дейін өсуі мүмкін

Тоқаев: «Орталық Азия – Қытай» форматы ортақ қауіпсіздіктің үйлесімді үлгісі болуы қажет

Курчатов қаласында балабақшаның 75 қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен