Қазақ қызы Антарктиданы жүзіп өтті

Қазақстандық ару Әнел Сытдықова ТМД мемлекеттері арасында алғаш болып Антарктиданың мұздай суы арқылы жүзіп өтті.

Sportministri

Алматы, NEGE. Ол 750 метр қашықтықты 18.58.95 минутта бағындырған. Бұл уақытта судың температурасы -1,4 градусты көрсеткен.

Оның айтуынша, Антарктидада болған он күннің ішінде жүзу үшін қолайлы сәтті күткен. Оның үстіне кемеде басқа 150 жолаушы болғандықтан, корабль тәртібін де сақтау керек еді.

«Антарктиданың суларын жүзіп өттік. Мен үшін бұл өте салқын болды. Судың салқындығы -1,4 градус болса, желдің жылдамдығы сағатына 35 шақырым еді. Айсбергтер мен пингвиндер арасында жүзудің әсері бөлек. Антарктида мұздай құшағын ашқан аз ғана адамның қатарында болу мен үшін ерекше оқиға болды», - дейді Ә.Сытдықова.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды