Қазақ-қытай шекарасы бірнеше күнге жабылады

Мемлекеттік кірістер комитеті қазақ-қытай шекарасы бірнеше күнге жабылатынын хабарлайды.

Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Құзырлы ведомствоның хабарлауынша, Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуіне байланысты 1 қазаннан бастап 3 қазанға дейін Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды,

Ал шекара дағы теміржол өткізу пункттері әдеттегідей жұмысын жалғастырады.