Қазақ балуаны әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

2 тамыз күні Дінмұхаммед Қасымбек 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына еркін күрестен алғашқы медальді сыйлады.

ҰОК

Алматы, NEGE. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен Қасымбек қола медаль үшін болған тартысты белдесуде молдовалық Иван Паслариді 5:4 есебімен жеңді.

Белдесу тартысты өтті, бірақ Қасымбек соңғы сәтте жеңісті жұлып алып, төреші оның қолын көтерді.

Бұл медаль – Қазақстан құрамасының осы чемпионаттағы еркін күрестен алғашқы жетістігі болды.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?