KazAID қандай жобамен айналысады?

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Рәпіл Жошыбаев таяуда құрылатын KazAID даму ресми көмек көрсету саласындағы агенттіктің қызметі және бюджетіне қатысты мәліметтермен бөлісті.

Алматы, NEGE. «Ұйым коммерциялық емес, ол табыс табуды көздемейді. Кез келген акционерлік қоғамды құру үшін жарғылық капитал бар. Ол шамамен 138 млн теңгені құрайды. Өзіміздің жылжымайтын мүлкіміз. Оны да жарғылық капиталға кіргізуіміз қажет», – деді ол Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, бастапқыда аталған агенттік жұмысына 15 маман тартылады.

«Олар – негізінен Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс істейтін, тілдік және халықаралық бизнес саласында дайындықтан өткен мамандар. Одан арғы дамуға қатысты айтар болсам, біз 25 адамға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл да жарғылық капитал аясында болады», – деп түсіндірді ҚР СІМ өкілі.

Сонымен қатар ол жаңадан құрылатын агенттік нақты қандай жобалармен жұмыс істейтіндігін атап өтті.

«Біз халықаралық ұйымдармен және өзге де жобалармен жұмыс істейтін боламыз. Қазір әлеуметтік сипаттағы бірнеше жоба басталғалы тұр. Негізінен бұл жұмыстар Орталық Азия өңірінде болады. Біздің диаспора тұратын, тіліміз таралатын елдермен жұмыс жүргіземіз. Студенттер дайындау, білім беру, оның ішінде медициналық білім беру мәселелері бар», – деді Рәпіл Жошыбаев.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған