Қаза тапқан кеншілердің балаларына барлық қажетті қолдау көрсетіледі

Костенко шахтасындағы өрттен қаза тапқан кеншілердің балаларына барлық қажетті қолдау шаралары көрсетіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінен мәлім етті

.

Алматы, NEGE.  Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғаға байланысты Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтады. Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша қаза тапқан кеншілердің балаларына барлық қажетті қолдау шаралары көрсетілетін болады», - делінген комитеттің инстаграм парақшасында жарияланған ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, Қарағанды облыстық білім басқармасының жанынан қаза тапқан және зардап шеккендердің балаларына көмек көрсету үшін Оқу-ағарту министрлігінің, білім басқармасының, Қарағанды облысының Бала құқығы жөніндегі өңірлік уәкілінің, мектептердің, әлеуметтік педагогтардың, педагог-психологтардың өкілдерінен тұратын мобильдік топ құрылды.

Мобильді топ жұмысының аясында балалардың тізімдері қалыптастырылуда. Қаза тапқан және зардап шеккендердің отбасыларынан шыққан балаларға жан-жақты психологиялық көмек көрсетіледі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады