Қаза тапқан кеншілер саны 28-ге жетті

Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында орын алған жарылыстан қаза тапқан кеншілер саны 28-ге жетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті

.

Алматы, NEGE. «Сағат 15.00 жағдай бойынша 28 адамның денесі табылды, 18 кеншіні іздеу жалғасуда. «АрселорМитталТеміртау» АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтадағы авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады