Қаза тапқан әскерилер мен полицейлердің отбасына пәтер беріледі
Қаза тапқан әскери қызметкерлер мен полицейлердің отбасына пәтер беріледі.
Алматы, NEGE. Құрылыс саласы одағының хабарлауынша, ұсынысты 11 компания мен «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қолдаған.
«Қазіргі уақытта біз қаза болған полицейлер мен әскери қызметкерлердің отбасына Алматы қаласынан екі және үш бөлмелі пәтерден бөліп жатырмыз. Пәтерлер саны бойынша мемлекеттік органдардан әлі толыққанды ақпарат алмадық. Тізімді ала салып, тағы да растайтын боламыз. Біз қайтыс болған барлық полицейлер мен әскерилердің отбасыларына пәтер беруге ниеттеніп отырмыз», – деді ҚР Құрылыс саласы одағының төрағасы Ералы Сауранбаев.