Қаза тапқандар бар: Астана – Петропавл тас жолында көлік өртенді

Әлеуметтік желіде тас жолда қызыл жалынға оранған көліктің видеосы тарады. Ақмола облыстық полиция департаменті қайғылы оқиғаның мән-жайын мәлімдеді.

Видеодан кадр/t.me/astanovka98

Астана, NEGE. Полиция қызметінің хабарлауынша, оқиға Астана – Петропавл автожолының Бұланды ауданы Жаңаталап ауылы маңындағы учаскесінде болған.

«Автокөліктің өртену дерегі бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Қаза тапқандар бар, олардың жеке басы да анықталып жатыр», – делінген хабарламада.

Оқиға орнында полиция мен жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп, апаттың мән-жайын анықтап жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция расталмаған ақпарат таратудан бас тартып, тергеудің ресми қорытындысын күтуге шақырды.