Қаза болған полиция қызметкерінің мәйіті өз үйінің ауласынан табылды

Қостанай облысында тұрғын үй ауласынан зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. 

СҚО ПД

Алматы, NEGE. Оның Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөлімінде криминалист болып жұмыс істейтіні белгілі болды.

Полиция бөлімшесінің хабарлауынша, оқиға кезінде ол жыл сайынғы еңбек демалысында болған.

– Аса ауыр қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыскерді ұстау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері мен жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы жан-жақты анықталып жатыр, – деп хабарлады полиция.

Сотқа дейінгі тергеудің барысы Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынды.

Қазір оқып жатыр

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ